Нәтижелі болды

48
Опубликованно 06.12.2017

Қараша айында Шымкент қаласында бокстен Қазақстан чемпионаты өтті. Чемпионатқа Алматы мен Астана қалалары мен еліміздің өңірлерінен келген 190 спортшы қатысты. Осы сайыста біздің қаламыздың намысын Қарағанды құрама командасы құрамында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Анатолий Дмитриевтің тәрбиеленушісі ҚР спорт шебері Ақниет Балтабаев пен Нұрқали Ердостар қорғады. Осы жарыстың қорытындысы бойынша Ақниет Балтабаев «Астана арланы» кәсіби боксерлер клубының құрамына қабылданды.

Категория

нет комментариев

Добавте Ваш комментарий

Ваш адрес электронной почты не будет опубликован.